12-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

29-31 МАМЫР 2024

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

12-ШІ Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме

29-31 МАМЫР 2024

Астана, Қазақстан «EXPO» ХКО

KIOSH 2024: ӨНДІРІСТЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ КІЛТІ

2024 ЖЫЛДЫҢ 29-31 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫ, «EXPO» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУМАҒЫНДА 12-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ KIOSH 2024 КОНФЕРЕНЦИЯСЫ МЕН КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.

2023 жылдың желтоқсанында Қазақстанда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа Жолдауында көрсетілген тапсырмасын орындау үшін әзірленген 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдаманың жұмысы кәсіптік тәуекел деңгейін, өндірістік жарақаттануды және кәсіптік ауыруды төмендетуге бағытталған.  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Жақыпова өзінің сөз сөйлеуінде былай деген: «Соңғы алты жылда өндірістік жарақаттануды 12,6%-ға қысқарту бойынша оң өзгерістерге қарамастан, республика кәсіпорындарында жыл сайын 1,5 мыңнан астам өндірістік жарақат орын алады, оның 200-ге жуығы өліммен аяқталады. Ағымдағы жылы еліміздің  кәсіпорындарында 1195 адам зардап шекті. Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістерден басқа, өндірістердегі қауіпсіздік саласына цифрландыру мен инновацияларды енгізу қажет». KIOSH 2024 жобасы дәстүрлі түрде көрме мен конференция ретінде ұсынылған ЕҚ және ӨҚ саласындағы жаңа шешімдерді таныстыру және тәжірибе алмасуға арналған алаң болып саналады. 

2024 экспозициясы

ЕҚ және ӨҚ саласындағы өнімдердің кең таңдауын, практикалық шешімдер мен ноу-хауды Бельгия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркиядан келген 50-ден астам компания таныстырады. Өз бизнесін кеңейту және Қазақстан нарығында одан әрі дамыту үшін экспоненттер өз стендтерінде тоқыма бұйымдарын, жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ), өнеркәсіптік альпинизмге арналған жабдықтарды, денсаулық пен еңбек гигиенасын сақтауға арналған құралдарды, өртке қарсы қауіпсіздік құралдарын, медициналық тексеру жүйелерін және т.б. ұсынады. Көрме өсуінің дәлелі дебютант компаниялардың көбеюі болып саналады, олардың ішінде: Alpsafe, Daoming Optics&Chemical Co., Ltd, Inter Knowledge Solutions Institute, Horizon Inc, Safetyhub, Spoint, Аритекс, Бестекс, Боуман Мед Қазақсиан, Бэст Энерджи, Гранд Асай, SAMHAT аяқ киім фабрикасы, Өндірістік қауіпсіздік және Экология, Руско сауда үйі ЖШҚ, Фескгрупп, Электро Трейд, Элит Текстиль және т. б..

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты дағдылар мен кешенді бақылау жүйелері қажет. Сала қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы сөзсіз артықшылығы биіктікте жұмыс істеу, тау-кен құтқару және өрт сөндіру жұмыстары бойынша бірқатар мастер-класстарын өткізу, сондай-ақ жаңа жабдықтар мен ЖҚҚ топтамасын көрсету болып саналады. Сондай-ақ, көрмеде семинар аймағы жұмыс істейді, онда қатысушы компаниялар еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары үшін бірқатар білім беру воркшоптарын өткізеді.

KIOSH 2024 конференциясы

30-31 мамырда, KIOSH конференциясының жұмыс күндері, делегаттар мен спикерлер өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің инновациялық тәсілдері мен стратегияларын талқылауға қатысады. Қазіргі уақытта Қазақстан жұмыс орындарында жарақаттанудың алдын алу және кәсіби тәуекелдер деңгейін төмендету мәселелерінің өзектілігін арттыра отырып, су тасқынының күрделі мәселесіне тап болды. Бұл жағдай бизнес тарапынан да, мемлекет тарапынан да ерекше назар аударуды және шұғыл әрекет етуді талап етеді. Осы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлер аясында KIOSH конференциясы қауіпсіздік пен денсаулықты нығайтуға бағытталған өзгерістерді енгізудің стратегиялық маңызды құралы болып табылады. Бұл тақырыптың маңыздылығы ағымдағы оқиғалар контекстінде де, ұзақ мерзімді перспективада да өзекті болып саналады.

Екі күндік конференцияның мазмұны әр бағыт бойынша мәселелерді егжей-тегжейлі  қарастыру үшін күндер бойынша бөлінеді. 30 мамыр күні бағдарлама еңбекті қорғау мәселелеріне арналады, ал 31 мамырда сарапшылар өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Күн сайын іс-шараны жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың, халықаралық қауымдастықтардың, салалық одақтардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен пленарлық стратегиялық сессия ашады. Құрметті қонақтар мен спикерлер қатарында Премьер-Министрдің орынбасары Т. Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Жақыпова, Е. Баймулдинова, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру ұлттық институтынан (I. N. A. I. L), Канадалық қауіпсіздік инженерлері қауымдастығынан Canadian Society of Safety Engineering (CSSE), Еуропалық Қайта Құру және даму банкінен және тағы басқа ұйымдардан сарапшылар.

ITECA.EVENTS байланыс платформасы

Биылғы жылдың жаңалығы ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының іске қосылуы болды, оның негізгі міндеті келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-коммуникациялар құру. Қосымша жасанды интеллект, кездесулерді тағайындау, лидтерді жинау және ең өзекті ақпаратты оңтайлы пайдалану мүмкіндіктері мен байланыс алмасуды жақсарту үшін озық алгоритмдер арқылы жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS – бұл жеке құрылғыңыздың ішіндегі цифрлық форматтағы көрмелер.

Жобаның мемлекеттік серіктесі - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК, «Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ (ТМКҚ), «KAZENERGY»  Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, ЖҚҚ қауымдастығы, IOSH, ORP, NEBOSH, Канадалық қауіпсіздік инженерлері қауымдастығы (Health and Safety Professionals Canada), Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия Құрылысшылар одағы, «Ұлттық бірлестігі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары «QazTextileIndustry» өзін-өзі реттейтін ұйым заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер одағы»,  Қауіпсіз жүргізу қауымдастығы ресми қолдау көрсетті.    

Жобаның Алтын Серіктестері – «Казцинк» ЖШС, «Еуразиялық Топ» ЖШС. Күміс Серіктестері -КТК-К, KAZMinerals тобы.

Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.    

www.kiosh.kz

VKontakte
powered by social2s