Еңбекті Қорғау және Өнеркәсіптік Қауіпсіздік Бойынша Қазақстандық Халықаралық Конференция мен Көрме

Жаңа өткізу күндері мен мекен жайы

24-26 МАМЫР 2023

Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Еңбекті Қорғау және Өнеркәсіптік Қауіпсіздік Бойынша Қазақстандық Халықаралық Конференция мен Көрме

Жаңа өткізу күндері мен мекен жайы

24-26 МАМЫР 2023

Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Қазақстан мен халықаралық ұйымдардың сарапшылары еңбекті қорғау мәселелерін талқылады.

28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандық Iteca көрме компаниясымен бірлесіп «Дағдарысты алдын ала болжау және оған дайын болу – қазір еңбекті қорғаудың тиісті жүйелеріне инвестициялау» тақырыбында вебинар өткізді.

Онлайн-форматта Қазақстанның еңбек саласының, халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ), Халықаралық еңбек инспекциялары қауымдастығының (ХЕИҚ) сарапшылары мен бизнес өкілдері пандемия жағдайында өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмаудың қазіргі заманғы жүйелерін дамыту, өндірісте заманауи цифрлық шешімдерді қолдану және еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында IT инвестициялау мәселелерін талқылады.

Вебинардың жұмысын ашқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Әділұлы Сарбасов Қазақстанда уақтылы қабылданған шаралардың арқасында кәсіпорындардағы қызметкерлер арасында коронавирустық инфекцияның таралу қаупін едәуір төмендетуге қол жеткізілгенін атап өтті. Бірінші кезекте, бұл барлық жұмыс берушілерге қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс жүргізу режиміне көшіру және кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құру, олардың міндеттеріне кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды қамтамасыз ету кіреді. Ол сондай-ақ ЕХӘҚМ ҚР Парламентінің қарауына қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын енгізгенін хабарлады.

Сарбасовтың айтуынша, жыл сайын Қазақстан кәсіпорындарында 1300-ден астам қызметкер жарақат алады, оның ішінде 200-ге жуық адам қайтыс болады. Жол картасы жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелдерді, өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайтуға, тиісті мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған еңбек қауіпсіздігі саласындағы жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды оңтайландыру жөніндегі шаралар кешенін көздейді.

Вебинарға қатысушыларды саланың негізгі сарапшыларының қатысуымен бұрын-соңды болмаған бағдарлама күтіп тұрды. Спикер ретінде РФ Еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі Федералдық қызмет басшысының орынбасары, МАИТ вице-президенті Иван Иванович Шкловец сөз сөйледі, ол пандемиямен күрестегі еңбек инспекцияларының рөлі туралы айтты.

ХЕҰ-ның Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Талғат Әбдірахманұлы Өміржанов «Дағдарысты алдын ала болжау және оған дайын болу – қазір еңбекті қорғаудың тиісті жүйелеріне инвестициялау»  тақырыбында баяндама жасады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Жұмагельдиева Гүлнар Амангелдіқызы вебинар тыңдаушыларын еңбекті қорғау жүйесін жетілдірудегі кәсіподақтардың рөлі туралы хабардар етті.

«Еуразиялық Топ» ЖШС еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі директоры Цецелюк Дмитрий Сергеевичтің таныстырылымы тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Дмитрий Сергеевич Еуразиялық Топтың (ERG) кәсіпорындарында қолданылатын нөлдік жарақаттануға қол жеткізудегі үздік тәжірибелерімен бөлісті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Сариев Асхат Ермекұлы еңбекті қорғау саласындағы ІТ дамыту перспективалары және пандемия жағдайындағы жұмыс, тәуекелдердің алдын алудағы қызметкерлердің рөлін арттыру туралы айтып берді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері Галина Владимировна Астапенко, «Алтыналмас А»" АҚ өкілдері Бақытжан Жексенбайұлы Қонаров және «ВИСТ Майнинг Технолоджи» ЖШҚ бас директоры Алексей Сергеевич Яковенко жаңа уақыт жағдайында цифрландырудың рөлін, цифрлық технологияларды қолданудың практикалық кейстерін және Қазақстан мен ТМД елдері мысалында диджиталға инвестицияларды қолдану тәжірибесін талқылады.

Вебинар модераторы «Цифра Азия» ЖШС бас директоры Еділбаева Лаура Ибрагимқызы болды.

Вебинардың серіктесі - Еуразиялық Топ (ERG).

Вебинар еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі Қазақстандық халықаралық конференция мен KIOSH 2021 көрмесі қамқорлығымен өткізілді, олар коронавирустық инфекцияның әлемге ұзақ теріс әсерінің салдарынан 2022 жылдың 27-29 сәуіріне ауыстырылды.

VKontakte
powered by social2s