Еңбекті Қорғау және Өнеркәсіптік Қауіпсіздік Бойынша Қазақстандық Халықаралық Конференция мен Көрме

Жаңа өткізу күндері мен мекен жайы

4-6 Қараша 2020

Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Еңбекті Қорғау және Өнеркәсіптік Қауіпсіздік Бойынша Қазақстандық Халықаралық Конференция мен Көрме

Жаңа өткізу күндері мен мекен жайы

4-6 Қараша 2020

Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Сенім Байқауы 2020

ОНЫНШЫ «СЕНІМ» БАЙҚАУЫ

Біз тәжірибе мен білім алмасу үшін адамдарды біріктіреміз!

«МЦФЭР–Казахстан» ЖШС Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-мен бірлесіп, республикамыздағы жұмыс берушілер арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша БАЙҚАУ жариялайды.

Байқауға өтінімдер қабылдау – 2019 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 1 сәуірге дейін.
Байқауға қатысу өтеусіз негізде жүргізіледі.
Жеңімпаздарды марапаттау 2020 жылғы 22 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Байқау үш аталым бойынша өткізіледі:

  1. «Үздік еңбекті қорғау қызметі» (I, II, III орындар)
    Еңбекті қорғау қызметінің еңбек жағдайларын ішкі бақылауды қамтамасыз ету, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тез арада шаралар қолдану қызметі.
  2. «Үздік еңбекті қорғау жөніндегі инженер» (I, II, III орындар)
    Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жұмысын жүзеге асыратын, кәсіпорында өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша инновациялық іс-шараларды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс орындарында өндірістік, техникалық және еңбек үрдістерін жақсарту жобаларын іске асыратын еңбекті қорғау жөніндегі инженердің қызметі.
  3. «Үздік еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор» (I, II, III орындар)
    Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қоғамдық бақылау арқылы жұмыс берушінің алдындағы жұмыскерлердің еңбегінің қорғалуына құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың қызметі.

Байқауға қатысу не үшін қажет?

«СЕНІМ» – Қазақстандағы еңбекті қорғау саласындағы кәсіпқой мамандарға арналған жалғыз байқау.

Байқауға қатысу – іскерлік мәртебені растау үшін тәжірибелік қадам, қызметкерлер мен клиенттер алдындағы біліктілік пен әлеуметтік жауапкершілікті көрсету.

Байқау жеңімпаздары туралы ақпарат байқауды ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында және «Қазақстанда еңбекті қорғау» кәсіптік баспа әрі электрондық журналында жарияланады.

Байқауға қатысу пайдалы байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Байқау – бұл кәсіпорныңыздағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандардың жұмысының тиімділігін көрсетуге бірден-бір мүмкіндік.

Байқау кәсіпорындар жұмыскерлерінің өндірістік жарақаттануы мен кәсіптік ауруының алдын алу тиімділігін арттыру, сондай-ақ жұмыс берушілерді жұмыскерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ынталандыру мақсатында барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер арасында өткізіледі.

Материалдар мен қатысуға сауалнама-өтінімді мына мекенжайға жолдаңыз:

050009, Алматы қ., Шевченко к-сі, Радостовец көш.қиыл., 165 б/72 г, 712-офис.

«Еңбекті қорғау, кадрлар және іс қағаздарын жүргізу» біріккен редакциясы,

тел.: +7 (727) 323-62-29 (ішкі. 116, 117),

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

VKontakte
powered by social2s